«Билікті өзгерту керек»: жаңаөзендік 11 баланың анасы TikTok-тағы видео үшін сотталды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.11.2024, 16:33
640
«Билікті өзгерту керек»: жаңаөзендік 11 баланың анасы TikTok-тағы видео үшін сотталды (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

73 мың теңге айыппұл, 100 сағат қоғамдық жұмыс, 3 жыл шартты жаза және 3 жыл әлжеліге тыйым.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белсенді Жадыра Досекеева «желіде алауыздық қоздырғаны» үшін сотталды.

Жадыра Досекееваның үстінен маусым айында «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оған Досекееваның сәуір айында TikTok желісінде жариялаған «Құл болмау үшін билікті өзгерту керек» деген сарындағы пікірі себеп болған.

Айыптау актісіне сай, Досекееваның әлеуметтік желілердегі пікіріне филологиялық сот сараптамасы жасалып, «билікті сынау белгісі бар, бірақ билікті күшпен басып алуға шақыру байқалмады» деген тұжырым жасалған. Досекееваның жазбалары арасында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасын халықаралық тергеуге шақырған ұсынысы да бар.

Досекееваның адвокаты Айгүл Айжарықова айыпталушының жазбаларына жасалған филологиялық сараптама қорытындысы «контекстен жұлып алынған жеке сөздерге негізделген» деді.

Жаңаөзендік белсенді Жадыра Досекееваға сот 3 жыл шартты жазасын өтеу, 3 жыл әлеуметтік желілерге кірмеу, 100 сағат қоғамдық жұмыстар жасау және 73 мың теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарған.

Бұл мәселеге қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. 

Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот Жадыра Досекееваға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды, - делінген хабарламада. 

Сот қаулысы әлі күшіне енбеді. Адвокат «сот шешіміне келіспейміз, апелляциялық шағым түсіреміз» деп айтты.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады