«Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді»: әнші Бүркіт әйелін құдайдан сұрап алғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
08.11.2024, 19:57
2793
«Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді»: әнші Бүркіт әйелін құдайдан сұрап алғанын айтты жеке мұрағатынан

Танымал жұлдызды жұп кімнің табысы көбірек екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Бүркіт жары Аишаның ерекше қасиеттерін айтып, ел алдында жер-көкке сыйғызбай мақтады. Бұған дейін ол енесіне көлік сыйлаған еді. 

“Негізі табысымыз бірдей. Өнерде қатар жүргесін ақшаны бірге табамыз. Жақында Аиша анасына көлік сыйлады. Халық та әлі шулап жатыр-ау. Сол туралы айтып берейін. Аиша мен анасы Қарағандыға кетіп қалғанда сыйлықты мен дайындап қойғанмын. “Сен өзің бере бер, анаң қуанып қалады” деп едім, үзілді-кесілді бас тартты. Өйткені өтірік айта алмайды. Басқа біреу болса: “Анама мен сыйлап жатырмын” деуші еді. Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді. Сондай болмысымен мені қатты таңғалдырады. Күн сайын осындай әйел болғанына тәуба деймін. Құдайдан сұрап алған әйелім”, – деп ағынан жарылды әнші “Сырласу” бағдарламасында. 

Айта кетейік, өнер иесі 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін айтып, өкінішін білдірген еді. 

“Тағы тіл үйрену туралы сұрақ алдымыздан шықты. Мен әлсіз болып тұрмын. 10 жылдан астам уақыт бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін”, – деген еді Бүркіт. 

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады