4573

«Шыны керек қатты ұрыса алмай жүрдік»: актер жұп Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым әулеттен бөлек шықты

Өнерлі жұп екі жыл бұрын кинодағы сүю сахнасы үшін ажырасып, жақында қайтадан қосылған еді.

«Шыны керек қатты ұрыса алмай жүрдік»: актер жұп Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым әулеттен бөлек шықты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында ғана қайта бас қосқан жұлдызды жұп үлкен үйден енші алып, бөлек шыққанын айтты. Актер үлкен шаңырақтан жанұясымен бөлек шығып кетуіне не себеп болғанын түсіндірді.

"Үйдің үлкені болғаннан кейін бұны жоспарлап жүргенмін. Айырмашылығы бар. Үлкен шаңырақта тұрып жатқанда қатты ұрыса алмайсың. Сөздің шыны керек, кейде сөзді тыйып қаласың. Ал мына жақта өз ой-пікіріңді айта аласың. Өз үйіңдегідей сезінесің", – деді Аша Матайдың ағасы Revue News бағдарламасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік өнерлі жұп араға екі жыл салып, қайтадан қосылған еді. Олар Айлана есімді қызды тәрбиелеп отыр. Суретті көрген желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтады. 

"Әр әйел сүйікті жарымен болуға лайықты", "Осы күнді қатты күтті. Жүрегім жарылардай қуандым ғой", "Бүгінгі таңым осы екеуінің қосылуымен басталды, осылардың қосылғанын тілеп жүргеніме қанша уақыт болды", – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор