1378

«Сана өзгермейінше, үкімет осылай бақылауын күшейту керек» – Меруерт Түсіпбаева

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева айыппұлды көбейткен үкіметке өкпелей беретіндерге уәж айтты.

«Сана өзгермейінше, үкімет осылай бақылауын күшейту керек» – Меруерт Түсіпбаева
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі жолдағы келеңсіз оқиғалар жол ережесіне бағынбайтындардың кесірінен болып жатыр деп ренжіді. 

“Достар, кейде біз үкіметке ренжіп жатамыз. Айыппұлы көп, аяқ бассаң камера қойып қойған” деп. Сол дұрыс секілді. Бір жас жігіт Басенов көшесінің бойымен келе жатты. Машинасының жылдамдығы самолеттікімен бірдей. Оқыстан алдынан адам шығып қалса, езіп өтетін еді. Адамның санасы өзгермейінше, үкімет осылай бақылауды күшейту керек.

Ренішіміз мүлдем орынсыз екенін түсініп отырмын. Алдымнан өткен көліктің жылдамдығынан шошынғанымды әлі баса алмай отырмын. Қашан мәдениеттілікті үйренеміз”, – деп ашуланды әнші. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор