Ирак билігі әйелдерді ажырасу және мүлікке иелік ету құқығынан айырмақ

Аиса Махамбет Редактор
10.11.2024, 14:05
729
Ирак билігі әйелдерді ажырасу және мүлікке иелік ету құқығынан айырмақ faruru.com

Қыздардың заңды некеге тұру жасын 9 жасқа дейін төмендетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ирак билігі қыздардың неке жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендетіп, көп құқығын шектеуді жоспарлап отыр.

Ашық консервативті шиит мұсылман партиялары ұсынған жаңа заң жобасында жеке адамның мәртебесі туралы заңға бірнеше түзету енгізіледі. 

Әйелдер мына құқықтарынан айырылады:

Ажырасу құқығы;

Балаға қамқорлық;

Мұрагерлік, мүлікке ие болу құқықтары.

Билік коалициясы мұндай ережелер ислам заңдарының қатаң түсіндірмелеріне сәйкес келеді және жас қыздарды "әдепсіз қарым-қатынастардан" қорғауға бағытталған деп санайды.

Консервативтік шиит мұсылман партияларының коалициясы  "жеке мәртебе туралы заңның" күшін жоятын түзетуді дауысқа салуға дайындалып жатыр.

Билік коалициясы бұл қадам ислам заңдарын қатаң сақтап, қыздарды "әдепсіз қарым-қатынастардан" қорғауға бағытталған деп санайды.

16 қыркүйекте 188 заңға түзету екінші оқылымда қабылданды.

Бұған дейін де билік 2014 және 2017 жылдары оны өзгертпек болды. Бірақ әйелдердің қарсылығына байланысты сәтсіз аяқталды. Алайда биыл оның қабылдану ықтималдылығы жоғары.

Ирактықтар неке жасын қыздар үшін 9-ға түсіруді ұсынады. Сөздерінше, мұндай тіркелмеген некелер Ирактың экономикалық тұрғыдан кедей, тым консервативті шииттік қауымдастықтарында қазір де бар. Енді оны ресми заңдастырмақ. Сөздерінше, неке заңмен мойындалмағандықтан, қыздар мен олардың балалары ауруханаларда қараусыз қалады.

Human Rights Watch ұйымы бұл діни некелер қыздардың жыныстық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупін арттырып, олардың білім алу мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейді деп мәлімдеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды