«Ұлттық киімді әбден қор қылды»: той ортасына қойға шапан жауып шыққандар ел ашуына тиді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
10.11.2024, 18:13
875
«Ұлттық киімді әбден қор қылды»: той ортасына қойға шапан жауып шыққандар ел ашуына тиді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Желіде той кезіндегі келеңсіз жағдайдың видеосы тарап, ел ашуын тудырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі қолданушылары ұлттық киімнің қадірін кетіріп, ерсі әрекетке жол бергендерді сынап тастады. 

Көпшіліктің қызу талқысын тудырған видео Instagram желісінде пайда болған. Бейнежазбада асабаның той ортасына үстіне шапан жабылған қойды алып шыққанын көруге болады. Бұл жайтқа куә болған кеш қонақтары күліп, шапалақ ұрған.

Алайда бұл жағдай желідегі қолданушыларының көңілінен мүлдем шықпаған. Керісінше, оқырмандар мұндай әрекетке жол бергендерді қатты сынап тастады. Олар бұл жайтты надандыққа теңеп, видеодағыларды ұлттық киімнің қадірін кетірді деп сөкті. 

"Асаба жаңалық аштым деп мәз шығар. Бірақ бұл жаңалық емес, нағыз надандық", "Сөз жоқ, қайда кетіп барамыз?", "Шапанның да қадірін кетіріп жатыр", "Ұлттық киіміміз қор болды", "Асабалардың жеткен жері, халқымыздың деңгейі осы", "Ұлттық киімді қорлады. Ұят жағдай", - деп жазуда көпшілік.

 Айта кетерлігі, аталмыш видеоның қай уақытта және нақты қай жерде түсірілгені белгісіз.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды