2506

Ең ауасы лас елдер арасындағы әлемдік рейтингте Қазақстан 40 орында тұр

Қазақстандағы ең таза қала – Шу болса, ең лас қала – Қарағанды.

Ең ауасы лас елдер арасындағы әлемдік рейтингте Қазақстан 40 орында тұр
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ауа сапасы дүниежүзілік индексінің 2023 жылғы рейтингіне сәйкес PM2.5 бөлшектерімен ауасы ең ластанған елдердің қатарында Қазақстан 134 елдің ішінде 40-шы орынға түсті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

 

Қазақстандағы PM2,5 орташа жылдық концентрациясы бір жыл бұрын текше метрге 23 микрограмммен салыстырғанда 22,2 микрограмм/текше метр болды. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жылдық орташа ауа сапасынан бірден 4,4 есе жоғары.

ТМД елдерінің ішінде Қырғызстан, Өзбекстан және Арменияның ауасы Қазақстанға қарағанда лас. Ал Әзірбайжан, Молдова, Ресей, Украинаға қарағанда таза.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстандағы ең таза қала – Шу болса, ең лас қала – Қарағанды.

Ал дүние жүзінде ең ластанған елдер қатарында – Бангладеш, Пәкістан және Үндістан, ал ең тазасы – Француз Полинезиясы, Маврикий және Исландия.

Фото: finprom

Материал авторы