712

Кімге сенеміз: Әскерилер де есірткі тасымалдайтын болған ба?

Қарағанды облысында әскери қызметші ірі көлемде есірткі тасымалдау барысында құрықталды. Бұл фактіні құзырлы органдар растап отыр.

Кімге сенеміз: Әскерилер де есірткі тасымалдайтын болған ба?
Azattyq Rýhy

Әдетте құқық қорғау органдарының өкілі қылмыс жасаса, онымен келісімшарттың бұзылғаны туралы ақпарат пайда болатын. Бұл жолы әскери қызметшінің еңбек демалысында болғаны айтылуда.

«10 қараша күні «Балқаш-Сарышаған» тас жолында патрульдік полиция қызметкерлерімен жол қауіпсіздігін қадағалау барысында, жол жүру ережесін бұзу бойынша (мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған) 31 жастағы азаматтың басқарған «GeelyCoolray» автокөлігі тоқтатылды.

Автокөлікті тексеру кезінде, жүк салғыштан жалпы салмағы шамамен 12 келі 18 пакетке оралған ақ түсті ұнтақ заттар тәркіленді. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы шақырылып, олар тәркіленген заттардың тиым салынған затекенін анықтады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратта айтылғандай, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Материал авторы