62 жастағы мүгедек әженің пәтерін сатып жіберген тараздық алаяқ сотталды
Таразда алаяқ 1-ші топ мүгедегінің пәтерін сатып жіберген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алаяқ 62 жастағы әйелдің Тараз қаласында орналасқан екі бөлмелі пәтерін 9 млн теңгеге сатып жіберген.
2023 жылдың маусым айында алаяқ психикалық ауытқуы бар жәбірленушінің шарасыздығын пайдаланып, пайад тапқысы келген. Қалалық соттың шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.
Қала прокуратурасы алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық қудалау ісін бастады.
Күдікті қамауға алынды. Оның осындай басқа да істерге қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші