«Қарасора-2024»: Қорытынды қандай?

11.11.2024, 17:45
742
«Қарасора-2024»: Қорытынды қандай? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Елімізде есірткіге еліктегендер тыйылмай тұр. Бұл ретте, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев «Қарасора-2024»: операциясы нәтижесінде заңсыз айналымнан 21,5 тонна есірткі алынғанын мәлімдеді.

«1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операция құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған. Іс-шара барысында 1 607 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде: 799 сату фактісі, есірткіні заңсыз сақтаудың 194 фактісі, 245 өсіру фактісі.

Заңсыз айналымнан 21,5 тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде: 1,5 келіден астам героин, шамамен 4,5 тонна марихуана, 200 келіден астам гашиш, 187 келі синтетика, 16 тоннадан астам каннабис өсімдігі тәркіленді және құрамында есірткі бар өсімдіктердің 180 мың бұтасы анықталды», - деді ол министрдіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның мәліметінше, операция барысында полиция екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

«Қарағанды облысында ұйымдасқан топ анықталды. 15 күдікті ұсталды. Олар «мефедронды» Telegram арқылы сатқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Алматыда 5 адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленді. Бұлар да интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Тінту кезінде күдіктілерден 20 келі «мефедрон» және 750 келі прекурсор тәркіленді», - деді Шыңғыс Әлекешев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды