Тәубесіне келмеген: Экстремистік әрекеті үшін сотталғандар тағы қылмыс жасады

12.11.2024, 14:48
776
Тәубесіне келмеген: Экстремистік әрекеті үшін сотталғандар тағы қылмыс жасады ptzgovorit.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдарының қатысуымен Алматы қаласында, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азаматты құрықтады.

Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысу белгілері бойынша 17 адамға «шығуға болмайтындығы туралы қол қою» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.

«Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі тартқан ақпаратта.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол