«Өзімнен 7 жас үлкен әйелге ғашық болдым, оны бәрі таниды»: Нұрлан Әлімжан әнші Қайрат Нұртастың хит әнін қалай жазғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
12.11.2024, 17:32
54552
«Өзімнен 7 жас үлкен әйелге ғашық болдым, оны бәрі таниды»: Нұрлан Әлімжан әнші Қайрат Нұртастың хит әнін қалай жазғанын айтты жеке мұрағатынан

Өзімнен жеті жас үлкен өнердегі бір баласы бар ажырасқан әйелмен махаббат сезімі болды дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші, актер әрі сазгер Нұрлан Әлімжан Қайрат Нұртастың репертуарындағы «Ол сен емес» әні қалай өмірге келгенін. Бұл туралы ол KAZ.NUR.KZ айтқан.

Нұрлан Әлімжанның айтуынша, «Ол сен емес» әні 2005 жылы жазылған. Ол кезде жас сазгер студент болған. 

«19 жастағы баламын. Сол жылдары өзімнен жеті жас үлкен өнердегі жанмен махаббат сезімі болды. Ажырасқан әйел, бір баласы бар еді. Ол маған ғашық, мен де оған ғашықпын. Оның аты-жөнін айта алмаймын, өйткені гүр ете қалады, артық әңгіме кетеді. Өте танымал адам, оны бәрі таниды. Бір жылдай сол әйелмен жүрдім. 19 жастағы баламын, сол сезім ғой. Қатты басым айналып, ұшып жүрдім. Алматының Алатауына барып айғайлап, шулатып жүрген кездер ғой», - деп бастады әңгімесін Нұрлан Әлімжан. 

Нұрлан Әлімжанның сөзінше, ән алғаш автобуста туған. 

«Автобуспен келе жатқанмын, көлік жоқ. Ешқандай музыкалық аспапсыз, сол қоғамдық көлікте ән туды. «Ол сен емес, ол сен емес, көзімнен ұғар менен тез. Ол сен емес, ол сен емес, кешір жаным, мені кеш» деп өлең мен әуен ойыма келді. 

Сол автобуста әдемі қыздар тұрды. Біреуінің көзіне, біреуінің сөзіне қараймын. Сосын бір мезетте «Ой, қойыңдаршы, сендер бәрібір өзімнен жеті жас үлкен ғашығыма жетпейсіңдер» деген оймен жазылды. 

Ол кезде Nokia деген ұялы телефоным бар еді, соның диктофонына жазып алдым», - дейді композитор. 

Нұрлан Әлімжан өзінен жеті жас үлкен, баласы бар келіншекке ғашық екенін айтқан сәтте әкесі бірден қарсылық танытқан.

«Балам, бұлай болмайды. Өмір көр, кейін уақыт өте келе өзіңнің жарың табылады. Қой, мына махаббатың сені жақсылыққа апармайды. Батамды бере алмаймын, өмір сүріп алсаңшы, сен әлі кішкентай баласың» деді әкем. Содан кейін мен де келістім. Өйткені әкем бата бермесе көп нәрсеге бара бермеймін», - дейді актер. 

Бұл әнді Нұрлан Әлімжан о баста лирикалық бағытта жазса, кейін Қайрат Нұртас көңілді ырғақта жарыққа шығарған.

«Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова бір күні хабарласты. Ол кезде «Ауырмайды жүрек» әні хит боп жатты. «Нұрлан, осы әнінен кейін деңгейін түсірмейтіндей Қайратқа ән керек. Өзіңнің бір әніңді берші» деді. Сосын кездестік, көліктің ішінде осы әнді гитарамен орындап бердім. «Не деген керемет ән» деді Гүлзира ханым. Сөйтіп ән мен сөзін беріп, Қайрат Нұртасқа сыйлап кеттім. Бұл әнді сатқан жоқпын. Мен негізі әндерімді сатпаймын, саудаға салмаймын. Әндерімді көбінесе сыйға тартамын, соған өзім рақаттанамын. Ән жазу – менің хоббиім», - дейді сазгер. 

Нұрлан Әлімжан «Ол сен емес» хитінен кейін Қайрат Нұртасқа «Қайта оралшы» атты бір тағы туындысын сыйға тартқан. Сазгердің айтуынша, әлі жарыққа шықпаған 250-ге жуық әні бар екен. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады