«Көріскенде жыладым»: Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызымен қалай татуласқанын айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.11.2024, 17:57
1530
«Көріскенде жыладым»: Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызымен қалай татуласқанын айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Баян Мақсатқызының алдына барып, одан кешірім сұраған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсері Баян Алагөзовамен қалай татуласқанын айтты. Өнер иесі біраз уақыт өткен соң ұстазының алдына барып, кешірім сұрағанын мойындады. 

Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге сұқбат беріп, Баян Мақсатқызымен татуласқан кезін еске алды. Шоу-бизнес жұлдызы бұрынғы продюсерін құшақтап, сағынышын басқысы келгенін жасырмады. 

Әуелбекова Баян Алагөзованың алдына баруына оның басынан өткен сынақтары да септігін тигізгенін айтты. 

"Ол кісі менің ұстазым ғой. Мен кішірейемін ғой, кешірім сұрадым. Негізі өміріме қарасам, көп жағдайда мен өзім бірінші кішірейеді екенмін. Қалай ренжіп өмір сүруге болады? Мен әттеген-ай деп өмір сүргім келмейді. Бетім ашық болып, адамдармен көрісіп, ешкіммен ешқандай көпесіз, ызасыз жүргім келеді. Баян ханыммен көріскен кезде жыладым. Себебі мен ол кісіні сағындым. Ол кісінің де өмірінде бірталай өзгеріс, жағдайлар болды.

Содан кейін көрістік. Ол кісі аман-есен аяққа тұрғаннан кейін мен бардым. Мүмкін сол жағдай маған ой салған шығар. Себебі жас болдым. Сол жағдайдан кейін өзім кішірейіп алдына барғым келді. Сағынышымды басып, құшақтағым келді. Көрісіп, бір жеңілдеп қалдым. Ол кісіде де сондай әсер болды. Бірақ маған "Неге бұған дейін келмедің" деп ұрысты", - деді әнші.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды