«Жылап келгенде әкем кіргізбеді»: Мөлдір Әуелбекова ажырасып, төркініне қайта оралған кезін айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.11.2024, 19:15
3031
«Жылап келгенде әкем кіргізбеді»: Мөлдір Әуелбекова ажырасып, төркініне қайта оралған кезін айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Үйдегілерге «Осында қаламын, күйеуіме бармаймын» дегенде, әкем жанжал шығарды дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құрмет орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты құпияны бөлісті. 

Өнер иесі екі некесінің сәтсіз болуы өміріндегі ең қиын кезең екенін жасырмады. Din Dina Show бағдарламасында сөз қозғап, қиын күндерін есіне алды. 

«Әйел адам болғандықтан, ең ауыр өмірлік сабағым отбасылық өмірде болды. Қыздарға «бақытты боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер» деп айтқым келеді.

Ең бірінші өзіңнің жүрегіңді тыңдау керек. Елдің пікірін, қыспағын елемеу керек. Мен отызға келіп тұрмысқа шыққаннан кейін менде «Қашан, қашан, қашан» деген сұрақтан құтылу үшін тұрмысқа шығып кеттім», – деп жан сырын ақтарды әнші.  

Сондай-ақ отбасын сақтау үшін түрлі қадамға барғанын да жасырмады. 

«Ажырасу, балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай емес. Маған де қиынға соқты. Бір күні баламның әкесімен ренжісіп қалып, үйге келдім. Тынышталатын шығар деп күттім. Әкемнің үйінде де жанжал жалғасты. Содан мен үйдегілерге «Осында қаламын, күйеуіме бармаймын» дедім. Әкем үйге кіргізбей, қайтарып жіберген.

Ата-анамның шешімі дұрыс болар деп, отбасымды сақтау үшін шыдадым. Бірақ жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болушы еді. Олар «Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман» деп мені кінәлады. Бірақ соңында бәрібір ата-анамның үйіне қайтып бардым», – деді эстрада жұлдызы. 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол