«Өте танымал актрисаға арнадым»: Нұрлан Әлімжан «Ғажайып күй» әніне арқау болған қыздың есімін атады

Аиса Махамбет Редактор
12.11.2024, 20:10
13160
«Өте танымал актрисаға арнадым»: Нұрлан Әлімжан «Ғажайып күй» әніне арқау болған қыздың есімін атады жеке мұрағатынан

Қызға орындап берген едім, бірақ мен ол қызбен өмірде қосылған жоқпын дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші, актер әрі сазгер Нұрлан Әлімжан Азия тобының репертуарындағы «Ғажайып күй» әні қалай өмірге келгенін айтты. Бұл туралы ол KAZ.NUR.KZ сайтына берген сұхбатында айтқан.

Хит әннің сөзін Баянғали Әлімжанов жазса, әнін ұлы Нұрлан Әлімжанов жазған.

"Әкемнің бөлмесіне кіріп қалып едім, үстелдің үстінде ақ параққа қолмен жазылған бір шумақ өлең жатыр екен.

"Айтуым керек болса да, сөз табу қиын мұндайда.
Айым-ау, менi қинамай, айтқызбай бiлсең болмай ма?.." деген өлең жолдары.

Сол шумақтарды оқыдым да, "мынау не деген сөз, Құдай-ау" деп ойладым. Сол кезде бар болғаны 18-де едім. 

Бірден әлгі ақ параққа жазылған өлең жолдарын өзіммен бірге алып, әкемнің бөлмесінен шығып кеттім. Гитарамен осы өлеңге әуен шығардым, ән бірден туды. Ән шығарғанымды көріп әкем де қатты қуанды. Әннің атауын "Ғажайып күй" деп қойдық", - дейді Нұрлан Әлімжан. 

Әке мен баланың арасындағы шығармашылық тандемнен туған хиттің шығу тарихы ақын Баянғали Әлімжановтың да әлі күнге дейін есінде.

"Бір күні Нұрлан "Әке, бұл өлеңге ән шығардым" деп айтқан кезде денем дір ете қалды. Екеуміздің көңіл-күйіміз көтеріліп, әжептәуір шалқып қалдық. Әуенін ұмытып қалмас үшін бірден диктофонға жазып қойдық. Дәл бұлай кең таралып, хит болады деп ойлаған жоқпын", - дейді Баянғали Әлімжанов. 

«Ғажайып күй» хиті сол кезеңдегі жас қыз-жігіттердің сүйікті әніне айналды. Композитор Нұрлан Әлімжан бұл әнді өзінің курстас қызына арнағанын ашық айтты.

"Жігіт ғашық болса – не ұл, не қыз туады, ал ақын ғашық болса – не ән, не жыр туады" дейді. Сол кезде Ақбота деген курстас қыз болатын, өзі мөп-мөлдір. Қазіргі таңда ол Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Ақбота Рахат театрдағы басты рөлдердің көбін сомдайды. Өте танымал актриса.

Былайша айтқанда, ең алғаш "Ақбота, осы әнді өзіңе арнадым" деп сол қызға орындап берген едім. Бірақ мен ол қызбен өмірде қосылған жоқпын. Тағдыр жазуы сол болды. Сезімді тек әнмен білдірдім. Бұл менің ол қызға деген ақ адал көңіл мен ниетім ғана. Ал негізгі шабытты әкемінің сөзінен алдым", - дейді "Ғажайып күй" әнінің авторы. 

2004 жылы "Ғажайып күй" әнін кәсіби сахнада орындап, көпшілікке кеңінен танытқан "Азия" тобының жігіттері. Әуелде бұл топтың құрамында Нұрлан Әлімжанның өзі де болған. 

"Негізі "Азия" тобын о баста өзім құрғанмын. Алғашқы құрамда мен, яғни Нұрлан Әлімжан, Ринат Баситов және Азамат Тахиров деген үш жігіт болдық. Содан кейін "Азия" боп құрылған кезде мен топтан кеттім. Оған да өзіндік себептер бар. Өйткені мен жеке Нұрлан Әлімжанов боп шыққым келді. Топтың құрамында емес, жеке тұлға ретінде танылғым келді. Жеке әнші, жеке композитор, жеке актер болғым келді. Бұл – менің таңдауым еді.

Бірге оқыған достарым ғой, "Жігіттер, маған ренжімеңдер" дедім де топтан кеттім. Менің орныма қазір "Азия" тобында ән салатын Ербол Шәріпов деген жігітті алды. Осылайша "Ғажайып күй" әнін "Азия" тобына табыстап кеттім.

"Маған деген өкпе-реніштерің осымен басылсын, бұл ән сендерді талай жерге жетелейді. Ризық-несібелеріңді осы ән әкеледі" дедім. Олардың маған реніші жоқ, бұл ән "Азия" тобын бірталай белеске жетеледі", - дейді Нұрлан Әлімжан. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды