«Бюджет ұрлығы үшін сотталған адам қалай спортта ел намысын қорғайды?»: депутат Қайрат Боранбаевты басшылықтан алуды талап етті

14.11.2024, 11:47
756
«Бюджет ұрлығы үшін сотталған адам қалай спортта ел намысын қорғайды?»: депутат Қайрат Боранбаевты басшылықтан алуды талап етті коллаж smartnews.kz

Депутат Мұрат Әбенов сотталған Қайрат Боранбаевтың Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болуына қарсы шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов кәсіпкер Қайрат Боранбаевты соттылығына байланысты паралимпиада комитетінің президенті қызметінен алуды талап етті.

Мәжілістің жалпы отырысында Әбенов «бюджеттен ұрлық жасағаны үшін» сотталған адамның президенттің қасында қоғамдық шараларға қатысуы дұрыс емес екенін айтты. 

Бюджеттен ұрлық жасағаны үшін сотталған адам паралимпиада спортына жетекшілік етіп, ел намысын қорғайтын болса, қоғам қалай қарайды? Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуды ақша ұрлаған адамға сену қаншалықты дұрыс, – дейді депутат. 

Ал спорт министрі Ербол Мырзабосынов министрліктің Боранбаевтың жұмысына шағымы жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, соңғы жылдары елімізде паралимпиада спорты қарқынды дамып келеді және бас хатшы ресми және халықаралық іс-шараларда комитет атынан өкілдік етеді.

Соңғы жылдары паралимпиада комитеті даму жолында үлкен жұмыс атқаруда. Басшылықтың ауысуына келетін болсақ, оны тағайындайтын нақты атқару комитеті бар. Бүгінде паралимпиада комитетінің жұмысына қатысты министрлік тарапынан түсініспеушілік жоқ. Қоғамдық ұйымның жұмысына шағым жоқ, – деді министр.

Еске салсақ, 2023 жылдың наурыз айында Астана соты Қайрат Боранбаевты квазимемлекеттік сектордан ақша жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Кейінірек екінші сатыдағы сот оның мерзімін екі жылға қысқартты. Ал 2023 жылдың қараша айында сот Боранбаевтың мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтегенін, тергеуге белсенді атсалысқанын және істеген ісіне өкінгенін ескеріп оны түрмеден босатты.

2024 жылдың маусым айында Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланған еді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды