«Тозақпен қорқытып, разылығын беру үшін ешкіммен сөйлестірмеді»: ақтөбелік имам әйелін ұрып-соғып ауру қылды (ВИДЕО)

14.11.2024, 12:55
1073
«Тозақпен қорқытып, разылығын беру үшін ешкіммен сөйлестірмеді»: ақтөбелік имам әйелін ұрып-соғып ауру қылды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Діндар күйеу сау әйелін ауру етіп, өзі әлі жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында бұрынғы имам сап-сау әйелін ұрып, ауруға айналдырған. Ол әйелін үздіксіз тозақпен қорқытып ұстаған.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, теолог төрт баласының анасына зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы ақпарат желіде тарады. Жәбірленушінің сіңлісінің айтуынша, теолог жездесі әпкесіне дінмен манипуляция жасап, туыстарымен араластырмай, үйінде қамап ұстаған.

Күйеуі мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге де тыйым салды. Сүйікті ісімен айналыстырмады. Әйелдердің бәрі харам деп, олармен де араластырмады. Сондай-ақ бірыңғай жын мен тозақ туралы уағыз айтып, айтқанымды орындамасаң, разылығымды алмайсың деп ұрып-соққан. 

Әпкемнің түк жазығы жоқ. Өте жуас болды. Дінді жақсы ұстанып, күйеуінің разылығын аламын деп, айтқанын екі етпеді. Соңында бағынышты болып, өзі ауру болып қалды. Ауруға шалдыққанын білсе де, күйеуі медицина қызметіне жүгінбей, дін қызметкерлерін шақырып өз беттерінше емдемек болған. Осылайша әпкемнің ауруы асқынып кеткен, – дейді сіңлісі. 

Сондай-ақ ол қазір әпкесінің өзімен бірге тұрып жатқанын айтты.

"Қазір әпкем төрт баласымен жанымда. Ал теолог күйеуі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Әпкем ауруға шалдыққан соң күйеуі тастап кетті", – дейді ол. 

Фото: Видеодан скрин

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz басылымы Ақтөбе облысы полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. 

Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Қазір ерлі-зайыпты арасында ажырасу процесі жүріп жатқанын қосымша хабарлаймыз. Кейінгі екі жылда зайыбынан күйеуінің тарапынан зорлық-зомбылық туралы арыз түскен жоқ, – делінген хабарламада. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды