«Отбасын бұзуды насихаттау емес»: Ханбибі Есенқарақызы «Нурикамал» фильмі туралы

Аиса Махамбет Редактор
14.11.2024, 16:05
1697
«Отбасын бұзуды насихаттау емес»: Ханбибі Есенқарақызы «Нурикамал» фильмі туралы коллаж smartnews.kz

«Олардың махаббатын қағазға түсірген менде де кінә жоқ» дейді ақын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Белгілі ақын, журналист Ханбибі Есенқарақызы «Нурикамал» фильмі туралы ойын, мелодраманың кемшін тұстары туралы айтты. «40 жылға жуық уақыт болса да әлі сахнадан да, той-жиындарда айтылып келе жатқан әннің өміршеңдігі тазалығында» деді ақын Nege.kz порталына берген сұқбатында. 

Басылым тілшісі «Нурикамалды» көргендердің арасында «Отбасы бола тұра басқа әйелге ғашық болуды насихаттаудың керегі не?» деп пікір айтқандар барын тілге тиек етті. Ал ақын «туынды – таза адамдардан шыққан таза махаббаттың үлгісі» екенін айтты. 

«Бұл біреудің отбасын бұзу үшін насихатталған дүние емес. Бұл – өнер адамдарына тән. Әрбір адам – бостан. Біреуге біреу тәуелді емес. Бұл жерде жасандылық, тәуелділік жоқ. Композитордың ғашық болуға құқы бар. Әннің жақсы болғаны үшін ақын ретінде сөзін жазып бергенімді дұрыс деп санаймын.

Бірақ композитор еш уақытта Нурикамалмен байланыста болған жоқ. Нурикамал да ақыл-ойы бар әйел. Бір жерінде «Біреудің отбасын бұзған адам бақытқа жете алмайды» деп айтатыны бар ғой. Ол да – персонаж. Композитор да, Нурикамал да жақын қарым-қатынас орнатпаған, таза күйінде қалды. Ешқандай отбасы бұзылған жоқ. Барлығы өз орнында», - деп жауап берді Ханбибі Есенқарақызы. 

Оның сөзінше, тазалықтан туған ән халықтың жүрегіне жетіп, 40 жылға жуық уақыт болса да әлі сахнадан да, той-жиындарда айтылып келе жатыр.

«Ал енді солардың махаббатын қағазға түсірген менде де кінә жоқ. Бұл – таза адамдардан шыққан таза махаббаттың үлгісі», - дейді ол. 

Тілші әйел қауымы осы фильмнен кейін Ханбибі апамыздың әрекетін ерлікке балап жатқанын, көп әйел мұндай кеңдікке бара алмайтынын жеткізген.

«Бұл жерде мен әйелдіктен гөрі ақындықты, өнерді жоғары қойдым. Абай «Көңілге түрлі ой салар, жақсы ән мен тәтті күй» демей ме? Біз осы сөздің қадіріне әлі жетпедік. Жақсы ән ой салды. Сондықтан мәтінін жазып беруге тура келді. Әрине, бұл маған да оңай болды деп айта алмаймын. Десе де, ән ауға түскен балықтай, торға түскен құстай бұлқынып тұрды. Себебі, сөзі жоқ болған соң шықпай тұр. Сөзін жазып бергенім үшін кінәлі емес шығармын», - дейді Ханбибі Есенқарақызы.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды