Енді жоғалған затты қайтарғаныңыз үшін айыппұл төлеуіңіз мүмкін

14.11.2024, 16:51
1276
Енді жоғалған затты қайтарғаныңыз үшін айыппұл төлеуіңіз мүмкін Kdpconsulting.ru

Тапқанын қайтарған адам Ұрлық бабын арқалау қаупі бар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде жоғалған затты тауып алған адам айыппұл арқалауы мүмкін. Сондықтан мамандар көшеде жатқан бөтеннің затын алмауға кеңес берді.

Көшеде немесе қоғамдық орында ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған жағдайда оны қай жерден, қалай тапқанын видеоға түсіріп алу керек. Содан кейін полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларының келгенін күту керек.

Жоғалған ақшаны тапқан адамға Ұрлық бабымен іс қозғалуы мүмкін. Заңгерлер мұндай жағдайлар кездескенін айтады.

Мамандар смартфон тауып алған жағдайда иесі табылғанша өзіңізде сақтай аласыз деп отыр. Бірақ телефонды қосуға болмайды. Өйткені оның ішінде адамның фото-суреттері, банк қосымшалары мен жеке мәліметтері сақталады.

Ол азаматтың жеке өміріне қол сұғу болып саналады.

Көшеде немесе қандай да бір мекемеде зат, мүлік тауып алса, міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарға, полиция қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Ол затты өзіңіз пайдаланып кетсеңіз, полиция қызметкерлері сізден оны тапқан жағдайда айып тағуы мүмкін. Уақытында хабарламағаныңыз үшін күдіктіге айналасыз. Сізге сақтауға берсе, қолхатпен тапсырылады. Сонымен қатар, сақтау шығындарын да талап ете аласыз, – деді заңгер Нұрболат Ибраев Информбюро жаңалықтар бағдарламасына берген жауабында.

Егер тауып алған заттың иесі анықталса, ол адамнан сыйақы сұрауға құқыңыз бар екен. Зат құнының 30%-ын қаражат түрінде ала аласыз. Азаматтық кодекске сәйкес полиция жоғалған заттың иесін жарты жыл іздейді. 6 айдан кейін табылмаса, тауып алған адам меншік құқығына ие болады. Яғни аталған затты өзіне қалдыра алады.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды