Роза Рымбаевадан 91 млн, Дәулет Тұрлыхановтан 533 млн алған алаяққа үкім шықты

14.11.2024, 17:34
886
Роза Рымбаевадан 91 млн, Дәулет Тұрлыхановтан 533 млн алған алаяққа үкім шықты коллаж smartnews.kz

Бекқайыровтың құрбандары Рымбаева мен Тұрлыханов миллиондарынан айырылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, эстрада әншісі Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты ондаған миллион теңгеге алдаған сотталушыға қатысты апелляция қаралды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат С. Бекқайыровқа апелляциялық шағым жәбірленушілердің бірінен түскен.

Жаза шарасы бөлігінде өзгеріссіз қалдырылды, азаматтық талап-арыз бөлігінде өзгертілді. Алдын ала деректер бойынша жәбірленушілердің біріне келтірілген залал сомасы 39 миллион теңгеден 54 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Нақты сома сот ісінде көрсетіледі, - деп хабарлады сотта.

Естеріңізге сала кетейік, Бекқайыров 2024 жылдың мамыр айында Алматы қаласының Медеу аудандық соты 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында 6,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған еді.

Сот шешіміне сәйкес, ол жәбірленушілер Дәулет Тұрлыхановқа 533,7 миллион теңге, Роза Рымбаеваға 91,1 миллион теңге және тағы екі жәбірленушіге жалпы 60 миллион теңгеден астам материалдық шығын төлеуге тиіс еді.

Айта кетейік, Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыханов 2013 жылы алаяқтың құрбаны болды. Бекқайыров Тұрлыхановты асфальтбетон зауытының құрылысы болып табылмайтын инвестициялық жобаға 1,2 миллион доллар салуға көндірген.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады