«Сыйақы берген жоқ»: әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова ағынан жарылды

14.11.2024, 20:20
802
«Сыйақы берген жоқ»: әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова ағынан жарылды olympic.kz

Бұйырған дүние болса алатын шығармыз дейді әлем чемпионаттарында бой көрсетіп жүрген балуан қыз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмилә Бақбергенова бұл жетістігі мен сыйақы мәселесі туралы пікір білдірді. Бұл туралы "Бірінші бол" сайты жазды. 

Жәмилә Бақбергенова үш мәрте әлем чемпионатының күміс медалін (2021, 2022, 2024) қанжығасына байлады. Сондай-ақ ол 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. 

"Тиранада алтын аламыз деген ой болды. Мақсат – әрқашан чемпион болу. Маған қалай күресуді, тактиканы жеке бапкерім белгілеп береді. Негізінен финалда бәрі дұрыс болды. Тіпті ұпай саны бойынша да алға шықтым. Бірақ күтпеген жерден қателікке бой алдырып, уыста тұрған алтын сусып шығып кетті. Бұл өкініштің орны алда жарыстарда толады деген үміттемін. Көкейдегі әлем, Олимпиада чемпионы болсам деген арман ешқашан өшкен емес", - деді Жәмилә Бақбергенова. 

Тиранада өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов пен күміс жүлдегер грек-рим күрес шебері Ержет Жарлықасынға автокөлік табысталды.

"Әлем чемпионатынан кейін ешқандай сыйақы алмадым. Бұйырған дүние болса алатын шығармыз. Алда федерация желтоқсан айында марапаттайды", - дейді Жәмилә Бақбергенова. 

Айта кетейік, Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен 72 кг салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтинге 4-орыннан 2-орынға көтерілген болатын.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды