1208

Балалар үйіндегі 16 жасар қыз аяғы ауыр боп қалды

Павлодардағы балалар үйінде жасөспірім қыз жүкті болып қалды.

Балалар үйіндегі 16 жасар қыз аяғы ауыр боп қалды
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жасөспірім екі жақтың келісімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындады. Бұл туралы Рavlodarnews.kz порталы жазды.

Медициналық тексеруден өткен жаспірімнің жүктіліктің үшінші аптасында екені анықталды. 

“Қамқоршы – орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына арыз жазды. Қызға психологиялық көмек көрсетілді “, – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы. 

Іс кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

“Қыз 16 жастан асқан. Келісім беретіндей жасқа толған. Заңға сәйкес, мұнда қылмыстық құқық бұзушылық та, қылмыстық іс қозғауға негіз де жоқ”, – деді облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенева.

Сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің некеге тұрғаны белгілі болды. Жас отбасыға қажет қаржылай көмекті құрсақтағы баланың әкесінің ата-анасы өз мойнына алды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор