857

Жылқы көп, асыл тұқымдысы аз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында жылқы шаруашылығының проблемаларына тоқталды.

Жылқы көп, асыл тұқымдысы аз
Shutterstock

Президент Моңғолияға барған мемлекеттік сапарында моңғол жылқылары аласа болғанымен өте төзімді әрі ұзаққа шабатынына көз жеткізгенін айтты.

«Қазір елімізде жылқы саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Дегенмен, асыл тұқымды жылқының үлесі 1 пайызға да жетпейді. Яғни, 4,2 млн жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн», - деді Тоқаев.

Материал авторы