795

Екібастұздықтар неге боқтады: Энергия блок тоқтады

Әлеуметтік желілерде Екібастұздағы 1 МАЭС-тің түтін мұржасы бүйірінен қою шаң-тозаңның бұрқырап жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті. Екібастұздықтар «тағы да жылусыз қаламыз ба?» деп алаңдағаны рас.

Екібастұздықтар неге боқтады: Энергия блок тоқтады
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бұл оқиғаға қатысты кәсіпорын өкілдері ресми ақпарат ұсынды.

«2024 жылғы 12 қарашада сағат 16:00–де Екібастұз 1-МАЭС жабдығын аралау және тексеру барысында № 1 түтін құбырының балконы төңірегінде шаңның пайда болғаны анықталды. Шаңдану себептерін анықтау үшін № 3 энергия блогын ажырату туралы шешім қабылданып, түтін құбырына ішкі тексеру жүргізу мақсатында мамандандырылған ұйым тартылды.

Шаңның пайда болу себептері тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізілген талдау негізінде қажетті іс-шаралар жоспары әзірленеді, - деп хабарлады кәсіпорынға иелік ететін «Самырұқ-Энерго» компаниясынан.

Айта кетейік, Болат Нұржанов атындағы Екібастұз № 1 мемлекеттік аймақтық электр стансасында әрқайсысы 500 МВт қуат беретін 8 энергия блогы бар.

Материал авторы