«Жайлы мектеп» жайлы жайсыз хабар: Отандық «жемқор» компаниялар түріктермен ауыз жаласып отыр ма?

17.11.2024, 13:31
1066
«Жайлы мектеп» жайлы жайсыз хабар: Отандық «жемқор» компаниялар түріктермен ауыз жаласып отыр ма? SMARTNEWS.KZ коллажы

Жыл басында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев былтыр 208 жайлы мектептің құрылысы басталғанын мәлімдеген болатын. Оның 98-ін оқу жылы басталғанға дейін, қалған 110 нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделгенін алға тартты.

Жалпы, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша барлығы 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп ашу жоспарланып отырғанын сүйіншіледі. Алайда жуырда жайлы мектептер жайлы жайсыз ақпарат шығып, қазақстандықтар жағасын ұстап отыр. Сол баяғы – сыбайлас жемқорлықтың әңгімесі.

Министрдің айтуынша, жайлы мектептер салу тетіктері үш әдіспен жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі мектептердің құрылысы «Samruk-Kazyna Сonstruction» бірыңғай операторы арқылы жүргізіледі. Екіншісі, әкімдіктердің дайын ғимараттарды жеке инвесторлардан сатып алуы арқылы, үшіншісімемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында.

Белгілі болғандай, «Samruk-Kazyna Сonstruction» қоры жобаны жүзеге асыру үшін  2,3 трлн теңге бөлген. Аз ақша емес, әрине. Десе де, жобаны жүзеге асыруға міндеттелген компаниялар «баяғы әдетінше» қалтасын артық қаражатқа толтыруға көшкен сияқты.

Мәселен, жобаның электр құрал-жабдықтарын реттеуге жауапты бір компания түріктердің «TEKLED» компаниясынан тауарды прайс-листте көрсетілген бағадан 30 пайыздан астам қымбатқа сатып алған. Қолда бар есеп-шотқа үңілсек, құжатта 12 млн 422 мың 483 теңге деп көрсетілген. Ал, нақты прайс бойынша құны - 8 млн 760 мың 197 теңге екен! Сонда 3,5 млн теңге айырмашылық бар деген сөз.

Қоғам белсенділері түріктердің «TEKLED» компаниясы не біздің жемқор компаниялармен ауыз жаласқан немесе үстеме баға қосып, қымбатшылықты қолдан жасап жатыр деген пікірде.

«Меніңше, «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асуын қадағалайтын өте бір жайсыз мекеме қажет! Оның үстіне, түріктердің мына компаниясы жан-жақтан тексерілуі керек! Бұл көзге түсіп қалған электр құрал-жабдықтарындағы былық қана. Ал құрылыс материалдары, мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздар бұдан да қымбатқа түсуі мүмкін. Егер, «Жайлы мектеп» ертеңге салынған басты инвестициямыз екені рас болса, жобаның жүзеге асу барысын қоғам болып қадағалауымыз қажет!», - дейді белгілі журналист Тоқтар Жақаш.

Әзірге құзырлы органдар бұл мәселе туралы ауыз ашпай отыр. Тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқан да болар. Алдағы уақытта ресми ақпарат та шығып қалар...

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды