SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жолдасының қалай еркелетінін жұртқа көрсетті.
«Адам қанша қартайса да жүрек 18-25 жастағыдай қартаймайды деген рас қой. Нұрекемнің шынайы өмірде қалай еркелететінін салып қояйыншы. Кейбіреулер жас емессіңдер ұят емес па деп жатады. Айтатындар айта берсін, сіздер де еркелеп жүре беріңіздерші», – деп жазды продюсер.
Желі қолданушыларының бірі тамсанып жатса, бірі продюсердің тіпті күйеуінің еркелетуімен де мақтанатынын айтып, күлді. Ал бір оқырманы өзінің жеке мәселесін айтып көмек сұрады.
«Осындай жылы сөз естімей өмірден өтіп кететін шығармын. Менің күйеуім керісінше, тырнақ астынан кір іздеп, бір кемшілік іздеп, ұрсуға дайын тұрады. Тамаққа шақырып нан туралмаған болса да, қасық әкелінбеген болса да, айқай шығарып жібереді. Тыныштықты қалаймын.
Жасым болса 42-де. Кейде бір жаққа қашып безіп кеткім келеді. Күндегі түнеру, күндегі айқай жалықтырып жіберді. Кішкене бала ұқсатып есеп беру шаршатып жіберді. Тфә-тфә махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, ұстасқан қолдарыңыз ажырамасын», – деп жазды оқырман.
Продюсер күйеуімен арасы нашар оқырманына өз ақылын айтты.
«Не айтарымды да білмеймін. Ата-тек жайлы зерттеп көрсеңізші. «Күйеуім пәленшеге және оның тегіне ризамын. Жолдасым сабырлы, бақыттымыз, бай-қуаттымыз, ұрыс-керіссіз өмір сүріп жатырмыз. Қабылдадым, ризамын», – деп қалың тор көз дәптерге шетінде қызыл сызығынан асырмай 500 рет жазып көріңізші.
Күніне 5-6 рет, не болмаса 15-20 реттен. Бәрі жақсы болады! Әйел ақылды болса алмайтын қамалы жоқ. Ренжімеңіз, ол кісі қалай, тура солай қабылдаңыз. Өзгереді. Ұрыспай, жаймен айтып түсіндіріңіз, не біреу жайлы айтқандай мысалмен айтып, өз ойыңызды қосып айтып, өзгертіп алуға тырысыңыз.
Реніш, нала жүрегіңізден кетпесе, қиындай түседі. Жіберіңіз жүрегіңізден. Әйел қылықты болуы керек. Өзіңізге де мән беріңіз. Сіз нәзік жан екеніңізді ұмытпаңыз. Бар айтарым осы. Ата-ана бақытты болмаса ұл-қыздары көргенін жасайды. Оны да ұмытпаңыз. Ұрпағыңыз үшін үйренеріңіз көп болсын. «Үйрен де жирен» деген. Дұғаларды да оқи жүріңіз, әсіресе таң намазы кезінде», – деп жазды продюсер.