«Ажырасып кетсек те, балаларыма әкесін мақтап отырамын»: Мөлдір Әуелбекова балалары мен олардың әкесі туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.11.2024, 19:08
1080
«Ажырасып кетсек те, балаларыма әкесін мақтап отырамын»: Мөлдір Әуелбекова балалары мен олардың әкесі туралы айтты жеке мұрағатынан

Күйеуіне ұзақ уақыт кек сақтағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі тақырыбын қозғап, оған қатысты ойын айтты. Өнер иесі күйеуімен ажырасып кетсе де, оны ұлына ешқашан жамандамайтынын жеткізді. 

Мөлдір Әуелбекова ажырасуына баласының ешқандай қатысы жоқ екенін алға тартып, күйеуімен жолы екіге кеткен соң ұлын қалай тәрбиелеп жүргенін бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы бұрынғы жолдасын түсініп, кешіруге біраз уақыт кеткенін жасырмады. 

«Балаға әкесі жайлы ренжитіндей дүниелер айтпау керек. Мен балама әкесін үнемі мақтап отырамын. Ол шынымен де солай, ол – жақсы әке. Біздің арамыздағы түсініспеушіліктің балама еш қатысы жоқ. Соны түсіндіріп айтса, балалар түсінеді. Қазіргі балалар зерек, ақылды. Баланың әкесіне деген қарым-қатынасы дұрыс болу үшін алдымен анасы кешіру керек екен.

Себебі әкесіне айта алмаған сөздерді балаға айтқың келіп тұрады екен. Олай миына құйып, жамандай беруге болмайды. Бала негативпен өспеу керек. Мен де оған бірден келген жоқпын. Маған да қиын болды. Оны түсіну, бұл сезімге келу, кешіру, кек сақтамау, тіл табысуға тырысу бірден болмады», - деді әнші Дина Төлепбергеннің бағдарламасында.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады