569

Ақтауда ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып жықты (ВИДЕО)

Кадрдан жігіттің жас қызды бетінен ұрып құлатқанын көруге болады.

Ақтауда ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып жықты (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде ер адамның қызды аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады.

Оқиға Ақтауда болған. Кадрдан жігіттің жас қызды бетінен ұрып құлатқанын көруге болады.

Кейбер деректерде жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болғаны, дегенмен ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, қыз онымен айырылысып кеткені туралы жазылған. Сөйте тұра ол қызды аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен.

Желі қолданушылары оны Қуандық Бишімбаевқа теңеп жатыр. Ал жәбірленушінің туыстары кінәлінің жазалануын сұрайды.

Материал авторы