916

Мәһрге не сұрайсың: Мүфтият пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қалың мал мен мәһрге қатысты мәлімдеме жасады.

Мәһрге не сұрайсың: Мүфтият пәтуа шығарды
threads.net/sayassat_21

Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, «әке еңбегі», «ана сүті» сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды.

«Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті «дустиман» деп атайды», - деді ол.

Ағабек Қонарбайұлы осы мәселеге қатысты мүфтияттың шешімін жариялады.

«Шешім: Күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», - деді ол.

Қалыңмал берілмейтін өлкелерде неке қию барысында мәһірді белгілеуі тиіс. Мәһір белгіленбеген жағдайда некесі дұрыс болады. Бірақ күйеуі мәһір-мисл береді.

Материал авторы