Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салынады: Ал ескі вагондардан қашан құтыламыз?

19.11.2024, 11:14
517
Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салынады: Ал ескі вагондардан қашан құтыламыз? promportal

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Президенттің инфрақұрылымды жаңғырту және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы баяндады.

Белгілі болғандай, ел аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді екен, оның бесеуі – теміржол дәлізі. 2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Достық» стансасының өткізу мүмкіндігін жылына 35 млн тоннаға дейін арттыруға, Алматы стансасы арқылы жүк өткізу уақытын қысқартуға, Сарыағаш стансасын босатуға және Қытай бағытына қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк өткізу қуатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Тасымалдардың үздіксіздігін және магистральдық теміржолдардың қуатын арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2,8 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды.

Бұдан бөлек, Құрық теңіз порты арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша шаралар қабылдаудамыз. Құрық портында астық терминалын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлесіп, «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысын жүзеге асыру қолға алынды.

Нәтижесінде, Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі жылына 30 млн тоннаға дейін артатын болады», - деді вице-министр.

2027 жылға дейін 12 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау жоспарлануда, оның 7 мың шақырымы 2024 жылы аяқталады, оның ішінде төрт негізгі автодәліз қайта жаңартылады. Сондай-ақ өткізу пунктері жаңғыртылатын болады. 2029 жылға дейін 36 өткізу пунктін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған, 2025 жылы алты пунктте жөндеу жұмыстары басталады. Ал, ескі вагондардан қашан құтыламыз?

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады