«Отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан»: сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушының анасы сұхбат берді

19.11.2024, 11:36
691
«Отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан»: сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушының анасы сұхбат берді SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінген. Қыздың анасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы AIRAN басылымы айтып берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, зардап шеккен қыздың анасы сыныптастары мен тауысқан әпкесінің әртүрлі видеолармен бопсалағанын айтып берді. Оған қоса қызды отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан.

”Басында барлығы 500-600 теңгеден басталған. Сыныптастары ақша сұрайтын еді. Кейін олардың қатарына туысқан әпкесі қосылады. Бастапқыда өзінің таныстарымен мақтанып, сырттай қорқытады. Артынша ішімдік ішіп, ішкеннің қаншалықты күшті екенін көрсетіп видео түсіреді. Кейін қызым мен сыныптасына да ішімдік ішкізіп, енді өзін емес екі қызды видеоға түсіреді. Артынша қызымды ұрып, тағы видео түсіреді. Осы видеолармен қызымды қорқытап, бопсалаған. Ата-анаңа көрсетеміз, желіге саламыз деп айтқан. Кейін үнемі ақша бопсалап отырады, қымбат телефонын күштеп тартып алады. Кейін соққыға жығып, телефонымен kyzdarnet сайтына тіркейді. Кәдімгі сутенерлер сияқты. Боспалаған қыздардың артында спортшылар, құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін туыстары тұр”, – дейді қыздың анасы.

Бопсалаушылар 16 жастағы қыздың телефонын алып арнайы сайтқа тіркеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

“Қызым қарсылық көрсетуге тырысқан. Бірақ олар соққыға жығып, бопсалаған. Алғашқы клиенттерді де өздері тауып берген. Қаңтар айынан наурыз айына дейін қызымның телефоны солардың қолында болған. Клиенттердің ешқайсысы жасын сұрамаған. Қызымды 18 жаста деп көрсеткен. Отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан. Клиенттердің арасында құқфқ қорғау қызметкерлері де болған. Ата-анаң ешнәрсе істей алмайды деп айтқан. Біздің шамамыз жетпейді деп ойлаған сияқты қызым. Сынып жетекшісі боған оқиғаның барлығын естіген. Басқа сыныптың балалары да білген, қызымды келеке қылған”, – дейді.

Анасы бастапқыда қызының мұндай жағдайға тап болғанын білмегенін, ең алғаш бұл туралы қашан естігенін айтып берді.

“Танымайтын 21 жастағы жігітке желіден жазып, қызым барлығын айтып берген. Үйдің жанына келіп, әкесіне хабарласқан. Әкесі барып қызымызды алып кетті. Қызымның жағдайы сұмдық еді. Әкесі таксимен полиция бөліміне алып барған. Бірақ ол кезде учаскелік полиция бөлімі жабық болған. Кейін үйге келіп, қызым болған жағдайдың барлығын айтып берді. Сыныптастары мен туысқан әпкесі ақша үшін осындай нәрсе жасауға мәжбүрлегенін айтты”, – дейді қыздың анасы.

Қыздың отбасы қазір қаладан көшуге мәжбүр. 

“Қызылордадан көшуіміз керек. Бұлай өмір сүре алмаймыз. Қазірдің өзінде жұмыс істей алмаймыз. Бұл қыздардың артында аудандағы жігіттер тұрғанын айтады қызым. Бір жігіт көшеде келіп маған бұл істі "қазбалама” деп айтты. Бірақ мен қызыма осыны істегендердің жазаға тартылғанын қалаймын. Қызым қазір ауырып жатыр. Жақында оны жекеменшік ауруханаға жатқызамыз. Бір жыл үш айдан кейін алғашқы сотталғандар бостандыққа шыға бастайды. Бұл заңды қалай түсінуге болады. Бізде заң кімге арналған?” – дейді қыздың анасы.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аталмыш іс бойынша 13 күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз сараптама кезінде қысым көргенін айтып шағымданған еді. 

Еске салсақ, бұл іс бойынша сот үкімімен Т "бопсалау" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды