841

Тамақ һәм тарақан: Мектеп асханасы күнделікті тексеріледі

Соңғы уақытта елімізде мектеп оқушыларының астан улану фактілері аз тіркелген жоқ. Сорақысы сол, астан құрт пен тарақан табылған жайттар да орын алды.

Тамақ һәм тарақан: Мектеп асханасы күнделікті тексеріледі
көрнекі фотосурет / Stock Photo

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізілетінін алға тартты.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді. Ол 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілмек.

«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді», - деді министр.

Материал авторы