«300 мыңнан бастап 3,5 млнға дейін»: отандық әншілер тойыңызға бару үшін қанша мың гонорар сұрайды?

Аиса Махамбет Редактор
19.11.2024, 19:55
1677
«300 мыңнан бастап 3,5 млнға дейін»: отандық әншілер тойыңызға бару үшін қанша мың гонорар сұрайды? SMARTNEWS.KZ коллажы

Тойға ең арзан бағада шығатын – Еркін Нұржанов пен Анара Батырхан болса, ал ең қымбат гонорар сұрайтын – Нұрболат Абдуллин боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, той-бизнес өкілдері бір тойға қанша сомада ақша сұрайды? Мадина Сәдуақасова, Қайрат Түнтеков, Нұрболат Абдуллин, Еркін Нұржанов, Ернар Айдар және Анара Батырхан сынды жұлдыздардың көмекшілері гонорар туралы мәліметтерді Stan.kz сайтына айтып берген.

ЕРКІН НҰРЖАНОВ

«Еліміздің басқа өңірлеріндегі тойларға 1 миллион теңгеге шығады. Шымкент қаласына – 400 мың теңге. Бекітілген бағасына қарай бір рет қана шығады. Ал басқа қалаларға екі рет шығып, өнер көрсетеді», – дейді әншінің көмекшісі. 

АНАРА БАТЫРХАН

Блогер Анара Батырхан «көп қаламақы сұрамаймын, көлік те таңдамаймын» деп қарапайымдығымен таңғалдырды. Ол тіпті той иелері жигулимен күтіп алса да, көңілі түспейтінін айтты.

«Басқа әншілер секілді райдеріміз жоқ. Бәрін Анараның көмекші қыздары жасайды. Макияж жасайтын қыздарды да өзіміз шақырамыз. Қызмет құнын өзіміз төлейміз. Алматыда тұратындықтан 300-400 мың теңгеге шығамыз. Басқа қалаларға – 1 миллион теңге. Ең қызығы, шақырған тойға билетті өзіміз аламыз. Тек гонорар ғана берсе болды.

Қонақүйді де өзіміз табамыз. Әуежайдан қонақүйге дейін таксимен барамыз. Той иесін күтіп алсын деген талап жоқ. Такси шақырып, мейрамханаға барамыз. Кейде той иелері күтіп алып жатады. С-класс маркалы көлік деп айтпаймыз.

Жигулимен күтіп алса да, көңіліміз баяғыдай. Анараны көп адам осындай қарапайымдығы үшін сыйлайды. Гонорарын төлеп отырған той иелерін көп әурелегіміз келмейді», – деп ағынан жарылды әншінің көмекшісі. 

ҚАЙРАТ ТҮНТЕКОВ

«Бір тойға шығуы – 1 миллион 200 мың теңге. Тойда 8-9 ән айтады. Жол шығыны бөлек есептеледі. Қайрат Шымкентте тұратындықтан, осы қаладан ұшамыз. Air Astana ұшағына ғана мінеміз. Біз үшін ең сенімді әуе компаниясы деп айтуға болады.

Тойға тапсырыс алып қойғанда басқа оқыс оқиғаларға тап болғанбыз. Ұшақ ұшпай қалып, тойдан кешігіп қалғанбыз. Сондықтан сенімді ұшаққа міну өте маңызды», – деді әншінің арт директоры. 

МАДИНА СӘДУАҚАСОВА

«Қай қалаға болса да – 1 миллион 500 мың теңге. Барып-келу ұшақ билеті, жатын-орны бұл сомаға кірмейді. Тағы да бөлек екі билет аласыз. Бірі бизнес кластан болуы міндетті. Көмекшісіне эконом класс бола береді.

Мадина міндетті түрде бес жұлдызды қонақүйге түседі. Ол жақта жеке бір нөмер брондалуы керек. Көмекшісіне жеке бөлме керек. Одан кейін әуежайдан күтіп алу мен шығарып салуға жоғары санаттағы кез келген көлік бола береді.

Бір тойда 6-7 ән айтылады. Екіге бөліп айтуға болады. Егер халық тағы да сұрап жатса, тағы да ән айтады. Басқа талабымыз жоқ. Косметика, макияж бәрін өзіміз жасатамыз. Тойға дайын болып барамыз», – дейді әншінің көмекшісі.  

ЕРНАР АЙДАР

«Ернардың қаламақысы 2 миллион 800 мыңнан басталатын. Қазір бағаны түсірдік. 2 миллион теңгеге тойға тапсырыс аламыз. Ұшақ, жатын-орын, көлік – бәрі осы ақшаға кіреді.

Әншінің командасында үш адам бар. 8 ән айтады. Екі бөлімге де қатысады. Өзіміз аппаратурасын реттеп, техникалық жағын қадағалаймыз», – деп жауап катты әншінің көмекшісі. 

НҰРБОЛАТ АБДУЛЛИН

«Бір тойдың гонорары – 7000 мың доллар (3,5 млн теңге). 8 ән кіреді. Осы суммаға өзіміз билет алып, қонақүй таңдаймыз. Тек той иелері қолымызға келіскен соманы берсе болды. Әнді екі бөліп айтады.

Егер мейрамхана ішінде демалатын орын жайлы ыңғайлы болса, антрактіден кейін тағы да шығады. Немесе 8 әнді бір уақытта орындап та кетеді», – деді командасының мүшесі. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр