Бас мүфтидің келуіне орай Түркістан облысы имамдарынан ақша жиналғаны рас па

20.11.2024, 09:47
599
Бас мүфтидің келуіне орай Түркістан облысы имамдарынан ақша жиналғаны рас па жеке мұрағатынан

ҚМДБ ресми жауап қатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚМДБ Түркістан облысы имамдарының бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өңірге сапары алдында қаржы жинағаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша мәлімдеме жасады.

Діни басқарма жанынан арнайы құрылған комиссия желіде тараған ақпараттың шын-өтірігін анықтаумен айналысқан. 

Түркістан облысында Бас мүфтидің келуіне орай имамдардан ақша жинау әрекеті орын алмаған. Каспи голд арқылы жіберілген қаражат демеушілер тарапынан берілгені және сол қаражат қайырымдылық жұмыстарға, ауызашар дастарқанына, республикалық Құран жарысына, конференция ұйымдастыруға, баспасөзге жазылу сынды іс-шараларға жұмсалғаны анықталды. Аттестация мүшелері үшін ақша жинау фактісі анықталмады және гонорар берілмегені дәлелденді. Бас мүфти сапарының шығындары Діни басқарманың есебінен төленген. Мешіт балансындағы қызметтік көліктің жыл барысындағы барлық шығындары мешіт есебінен төленбеген болып шықты, – делінген ҚМДБ тексеру комиссиясының мәлімдемесінде. 

Діни басқарма Түркістан облыстық мешітінің кіріс-шығыс қаражаты толықтай тексеріліп, ешқандай заң бұзушылық пен мақсатсыз қаржы жұмсау фактісі анықталмағанын мәлімдеп, халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Бұған дейін Түркістан облысының имамдары «өңірге Бас мүфти Наурызбай Өтпенов келген сайын облыстың бас имамы Ержан Төлепов имамдардан ақша жинап, әбден мезі қылғанын айтқан еді.

Әлеуметтік желі қолданушысы Oraz Alimbekov өзінің Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды. Жазба авторы Түркістандық қарапайым имамдар «қоңыз теріп» қиналып кеткенін және Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың өңірге сапарына арнап молдалар қанша ақша жинағанын жеткізген.

Оның айтуынша, бұл қаржының бәрі Түркістанға сапарлап келген Бас мүфтидің ұшақпен ары-бері ұшуына, қымбат қонақ үйде тұрып, қымбат мейрамханадан ауқаттануына жұмсалады екен.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды