8-сынып оқушысын зорлаған семейлік мұғалім қамауға алынды

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 12:55
999
8-сынып оқушысын зорлаған семейлік мұғалім қамауға алынды көрнекі фотосурет / Stock Photo

Мұғалім арыз жазылғалы бері әлі жұмыстан шығарылмағаны анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған мұғалім қамауға алынды. Белгілі болғандай қылмыстық іс жәбірленушінің анасының арызы бойынша қозғалған.

Оқиға биыл шілдеде болған. Күдікті 32 жастағы жергілікті тұрғын екені атап өтілді. Сондай-ақ мұғалім әлі де жұмыстан шығарылмаған, бірақ сабақ өткізіп жүрмеген.

«Жағдай құзырлы органдардың бақылауында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, мұғалім жұмыстан шеттетілді», – деп хабарлады білім басқармасы.

Семей қаласының білім бөлімі күдіктінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі екені және мекемеде 2022 жылдан бері жұмыс істейтіні туралы ақпаратты растады. 

«Ол ұстаз 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі», – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев. 

Білім басқармасының мәліметінше, жәбірленуші қыз мектепке баруын жалғастырып жатыр. Оның ата-анасына балалар омбудсмені мен психологиялық қолдау орталығына хабарласуға кеңес берілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды