«Даусына зар боларсың…»: Айгүл Иманбаева анасын көп ренжіткеніне өкінді

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 14:47
580
«Даусына зар боларсың…»: Айгүл Иманбаева анасын көп ренжіткеніне өкінді жеке мұрағатынан

Әнші нағашыларының қолында өскенін еске алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі бала күнінде нағашыларының қолында өскенін айтты. 

«Менің анашым – тәтем. Ана туралы әңгіме болғанда, жүрегі елжіремей сөйлей алатын жан жоқ шығар?! Анамды «тәтем» деп атаймын. Кішкентайымыздан анашымның бауыры, інісі бізге солай айтыңдар деген. Тәтем өте еңбекқор, шыншыл, мінезі тік, тазалыққа тастай, өзі өмір бойы есепші болып үкіметте жұмыс істеген. Көзі ашық, көкірегі ояу, өзіне де, бізге де қойған талабы жоғары, кезінде адуынды айел болды.

Үйде үш баламыз, үшеуімізге де екі жоғары оқуды оқытып, алдымызға мақсат қоюды үйреткен. Талай жетістігіммен қуанттым. Жастықпен талай ренжіттім. Ал қазір жасы ұлғайған сайын көз алдымда кішкентай балаға айналып барады. Жүрегім ауырады. Қолымнан келгенше көбірек қуантуға, еш ренжітпеуге тырысамын. Барынша батасын алып, мүмкіндігінше көбірек қасында боламын», – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі оқырмандарына үндеу жасап, ананы құрметтеуге шақырды.

«Тәтем менің – мотиваторым! Биік қорғаным! Тағынатын тұмарым!Тірелетін тірегім! Достар, аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер, ауыр сөз айтпаңыздар, ақыл да айтпаңыздар! Батасын көбірек алып, көбірек қуантыңыздар! Оларға зәулім сарай да, байлық та керек емес. Тек жылы сөз бен мейірім ғана керек.

Күніне тым болмағанда бір рет телефон шалып жағдайын сұраңыз. Ертең жағдайын сұрайтын анаң болмай қалса, кімге еркелейсің?! Даусына зар боларсың», – деп жазды өнер иесі. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды