Итбалықтардың қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалуы керек – тәуелсіз эколог

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 17:58
569
Итбалықтардың қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалуы керек – тәуелсіз эколог facebook.com / Әділбек Қозыбақов

Каспий жағасында қырылған итбалықтар саны 2 мыңға жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет арнайы комиссия құрып, тергеу жүргізіп, кінәлілерге шығынды өтетуі керек. ECOJER қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов осылай дейді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Спикер мәселенің экологиялық қана емес, экономикалық зардабына да тоқталды.

«Бір итбалықтың кұны – 193 АЕК (АШМ-нің 2017 жылғы бұйрығы бойынша) немесе 712 556 теңге. Енді соны 2 мыңға көбейтсек - 1 425 112 000 теңге. Ал қазіргі жағдайда итбалық Қызыл кітапқа енгізілген. 2000 итбалық қырылды. Бұл - үлкен бір резонансты оқиға, трагедия деп айтуға болады. Демек, қылмыстық іс қозғалуы керек. Бұл қылмыстық іс болғаннан кейін жазасын да қатты күшейту керек деп ойлаймын. Үкімет арнайы комиссия құрып, тергеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, келтірілген шығынды өтетіп, жазалау керек деп ойлаймын», - дейді Әділбек Қозыбақов.

Сондай-ақ ол тергеу-тексеру жұмыстарына тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет деп есептейді.

«Болашақта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін барлық мониторингке міндетті түрде тәуелсіз сарапшыларды тарту керек. Егер тәуелсіз сарапшылар тартылатын болса, онда ашықтық қамтамасыз етілетін еді. Қандайда бір заң бұзушылық анықталса немесе мониторинг дұрыс жүргізілмейтін болса, тәуелсіз сарапшылар сол кезде айтып, түзетіп, бақылап жүретін еді. Ал қазіргі таңда, өкінішке қарай, сарапшылар тартылмағаннан кейін, қазақша айтқанда әркім ойына келгенін істеп жүр деп айтуға болады», - дейді Әділбек Қозыбақов.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды