Шарықтаған доллар қазір 494-499 теңгеден саудаланып жатыр

21.11.2024, 10:55
518
Шарықтаған доллар қазір 494-499 теңгеден саудаланып жатыр freepik.com

Ақша айырбастау пункттерінде 1 доллардың құны – 494-499 теңге.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 – 499 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 495,20 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,94 теңге. Еуро — 522,34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499,3 теңге. Еуро 523,5 — 527,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,92 - 5,02 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 20 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,84 теңгеге төмендеп, 495,34 теңге болған.

Ұлттық банк мәліметінше, валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды