«Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды

21.11.2024, 15:20
423
«Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды жеке мұрағатынан

Қазақтармен төбелескім келмейді дейді өзін Қазақ Терминаторы атап жүрген файтер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұратбек Қасымбай келесі жекпе-жегін кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткізбек. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Еліміздегі танымал файтерлердің бірі Мұратбек Қасымбай жартылай орта салмақтағы UFC лигасының бұрынғы чемпионы, америкалық Тайрон Вудлимен жекпе-жек қызықтыратынын айтты.

«Шынымды айтсам, мен қазақтармен төбелескім келмейді. Карьерамды бастағалы орыстармен жекпе-жекке көп шықтым. Олардан да шаршадым. Маған кішкене экзотика керек. Басқа елдің спортшыларын көргім келеді. Мысалы Тайрон Вудлимен жолықсам қызық болар еді. Тіпті, бокс қолғабын киіп, бокстауға да дайынмын. Тайрон Вудли - еркін агент, мен онымен жұдырықтасуды қалаймын», - деді Қасымбай MMA Bulletin басылымына берген сұхбатында.

Мұратбек Қасымбай келесі жекпе-жегін кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткізеді. Ол 27 желтоқсанда Алматыда «Парсылық Дағыстан» лақап атымен аты шыққан атышулы ирандық Мұхаммед Хейбатимен жұдырықтасады.

Еске салсақ, Мұратбек Қасымбай биыл «тоқал алдым» деп елден сүйінші сұраған еді. Бұған дейін ережесіз жекпе-жек шеберлерінен тоқал алғанын ашық мойындаған Жалғас Жұмағұлов болатын. 2021 жылы ол екі әйелінен 6 баласы бар екенін жеткізген.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол