«Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
21.11.2024, 16:33
872
«Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) жеке мұрағатынан

Әнші бұған дейін инстасаудагер болмағанын айтып, өзінің энергиясы бар затты ұсынатынын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ерке Есмахан желіде бұған дейін ешкімге айтпаған жаңалығының шет-жағасын жеткізді. Осылайша әнші елді жұмбағымен қызықтырып қойды. Шығармашылығын әзірге ысырып қойған әнші алдағы уақытта оқырмандарын мүлдем басқа дүниемен қуантатынын жеткізді.

Ерке Есмахан бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі алдағы уақытта оқырмандарына өзінің энергиясына толы затты ұсынатынын жеткізді. Алайда әнші оның нақты не екенін айтпай, құпия сақтап қалды.

«Қыздар, бұл идеямды жақындарыма, құрбыларыма – әлі ешкімге айтпадым. Ешкіммен бөліспедім. Желіде де сіздерді қызықтырып, дайындап, көз бен құлақтарыңызды үйретуге тырыспадым. Өйткені бір ғана мақсатым болды. Реті келіп, бәрін өзім айтамын деп ойладым. Осы уақыт ішінде қазақ қыз-келіншектердің өзіне не қалайтынын зерттедім. Олардың қалауын бір жерге жинап, түйіндегім келді.

Әйелдің жанын әйел түсінеді ғой. Мен сіздерді түсіндім. Әр әйелдің жүрек түбіндегі арманы ұқсас. Қыз бала түрлі сынақтардан өтеді. Әр ару бақытты ғұмыр кешу керек деп ойлаймын. 

Мен анамын, әншімін, жармын, қазақтың еркелеп жүрген қызымын. Алайда инстасаудагер емеспін. Осы заман талабына сай марафон, курс ойластырып, сатпадым. Сұраныс күн сайын болса да, келіспедім.

Жақында мен сіздерге ұсынатын нәрсе өз өмірімнен, жүрегімнен, махаббатымнан, арманымнан туындаған зат. Осы затпен мен сіздерге бір қадам жақындаймын. Осы затты алған соң менің «Ерке Есмаханның бір бөлшегі» сіздермен бірге болады. Бұл затта менің энергиям бар. Өйткені бұл заттың авторы менмін. Дайын болыңыздар, жақын күндері көрсетемін», - деп жазды Ерке Есмахан.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады