Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады

Аиса Махамбет Редактор
21.11.2024, 20:45
976
Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады бейнежазбадан алынған кадр

Жалған сұхбат «Tengrinews.org» сайтына шыққан көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қомақты қаржы жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың желіде жалған сұхбаты пайда болды. Материалдың фейк екенін Stopfake.kz сайты мәлімдеді. 

Әлеуметтік желілерде белсенді тұлға және қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайраттың сұхбаты жарияланды. Онда ол Қаржылық мониторинг агенттігі таққан барлық айыптарды жоққа шығарған. 

«Бұл алаяқтар адамдарды алдау үшін қолданатын фейк сұхбат. Посттың тақырыбы қызықты және онда «Tengrinews.org» қазақстандық «жаңалықтар сайтына» сілтеме жасалған. Мұқият қарасақ, сайттың домені ұлттық «Tengrinews.kz» емес, халықаралық «.org» екенін байқауға болады. «Tengrinews» жаңалықтар порталы «.kz» доменін пайдаланады. Қылмыскерлер неғұрлым сенімдірек болуы үшін қазақстандық интернет-басылымның басты бетін толығымен көшіріп алған», - деп жазылған сайтта. 

Сұхбат мәтінінде алаяқтар «пассивті кіріс» ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде, бұл бағдарламаның қаржы институтына ешқандай қатысы жоқ, ол қылмыстық схеманың бір бөлігі болып табылады. Киберқылмыскерлер жалған сайтта тез арада дивиденд төленетінін айтып, өтінім толтыруды ұсынады. 

«Олардың қулығына түсіп қалмаңыз: күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және оңай пайда табуды ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Шындығында, белсендіге тағылған айыптар жоққа шығарылған жоқ, ал ақпараттың өзі алаяқтық схеманың бір бөлігі болып табылады. Алаяқтардың көздеген мақсаты – жеке деректеріңіз бен ақшаңызды иемдену үшін сізді жалған сайтқа тарту», - дейді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді