«Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр

22.11.2024, 11:33
521
«Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр pixabay.com

Қаржылық жағдайын жақсартып алу үшін ер адамның үстінен «зорлады» деп жалған арыз жазатын қыз-келіншектер аз емес. Ондай әккі әрекетке кешірім жоқ.

Мәселен, Өскемен қаласында өзінің зорланғаны туралы полицияға жалған арыз жазған әйел 4 жылға бас бостандығынан шектелді.

Прокурорлар жүргізген тергеу барысында әйел адамның осы жылдың ақпан айында танысымен пәтерде өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Алайда келесі күні ол құқық қорғау органдарына өзінің зорланғаны туралы жалған арыз жазған. ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соның салдарынан жазықсыз адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Сотқа дейінгі тергеу кезінде «жәбірленуші» өз кінәсін мойындады. Оған ҚР ҚК-нің 419-бабы 3-бөлігімен (ауыр қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлау) айып тағылды. Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен әйел адам кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан шектелді», - делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ