702

«Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО)

Zheka Fatbelly атымен танымал блогер Жеңіс Омаров үйлену тойында қаржысын жеткізе алмағанын айтты.

«Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, вайнер тойдан кейін қарыздарын әрең жапқан.  

«Молданазар ән айтқан кездегі үйлену тойым естеріңізде ме?! Сол тойды қарызға алып жасадым. Осыдан бір ай бұрын ғана тойдың соңғы қарызын жауып тастадым. Есептеңіз, бір жыл екі ай кетті», – деп мойындады желі жұлдызы. 

Оның әйелі Бекзада қарызды жаба алмай жүрген күйеуінің уайымға салынып, аз ұйықтап, үнемі асығып жүретінін растады.

«Мен тіпті маркетолог болып жұмысқа орналастым. Елестете аласыз ба? Мен видео түсіретін блогер едім ғой, ал тойдан кейін таңертең кешке дейін жұмыс істей бастадым», – қиналған сәтін есіне алды Жеңіс. 

Бүгінде табысты блогер отбасылық өмірдің басталғанда жақсы көрінгісі келіп, көп ақша жұмсағанын мойындайды. Бірақ ақыры ең үлкен қарызды жабу үшін ол пәтерін сатуға мәжбүр болған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор