«Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
23.11.2024, 15:15
1023
«Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты бейнежазбадан алынған кадр

Сиқыршы жындармен «договор» бір сағаттық шаруа дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат дейді емші Айнұр Бекет. Бұл туралы ол Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтып берген.

Емші қара дуамен айналыспайтынын айтты.

– Айналысып көрген емеспін, айналысқым да келмейді. Көп адам маған мынау сүйікті қызым немесе жігітім басын айналдырып беріңізші деп келеді.  Енелер балам мен келінімді ажыратып бер, маған келінім ұнамайды деп суретін әкеліп отырады. Мен ондай жандарға есік әне деймін, олар кетпей миллиондап ақша ұсынады. Біздің күшті сатып аламын деп ойлайды. Иә, сатып алуға болады. Жынмен келісімшартқа отыру бір-ақ сағат. Егер сол әрекетті жасасақ, таза әлемге енді келмейміз. Құдайдан кешірім сұрап, қайта бастауға болады, бірақ  бойымыздағы қасиетті жоғалтып аламыз. Аллаға қарсы жұмыс істеп кетесің. Қазіргі заманда қара дуамен айналысатындар өте көп.

Емші дуадан қалай сақтануға болатынын айтты.

– Тұзбен жуынып, тазаланып жүру керек.  Ол сырттағы энергияны тазартады.  Бірақ шынымды айтсам, одан ешкім қорғана алмайды. Мешітте намаз оқып жатқан кісілердің жындары қозып, айқайлап құлап жатады. Одан кейін не айтам, ол күнде құран оқитын кісі ғой. Соның ішіне жын кіргенде, қарапайым адамға кірмейді дейсіз ба? Тылсым әлем қорғайды. Сен құран оқығаның кішкене көмек болады, дегенмен бойыңды жан жағыңды таза ұстау керек. Ниетің түзу болып, санаға жаман ойды жібермеу керек. Дуаны бойыңа кіргізуің санаңа байланысты.

Емші қара магиямен айналысатындар жынмен келісімге келетінін айтты.

– Қара дуамен айналысатындар жын әлемімен келісімшартта отырады. Олар ешнәрседен қорықпайды. Себебі қорғаушылары мықты. Базар –  магияның ордасы. Алтын көрсе періште жолдан таяды дейді ғой. Біз пендеміз қателесеміз. Бәсекелестер бір -біріне дуа жасап жатады. Дуадан арылу үшін маған келіп жатады. Мен келген адамның басын ұстап қазіргі жағдайын анықтаймын. Егер дуада, тіл көз тиген болса  адам артқа қарай қимылдап өзін ұстай алмай қалады. Ал жолы ашық болса, бір қадам алға жылжып кетеді. Адамның басын, арқасын ұстағаннан кішкентай кезінде қайда өмір сүрді, әке-шешесі, бауыры туралы ақпаратты көріп аламын. Сосын қазіргі жағдайында қандай мәселе болып жатқанын қарап, ата-бабасының әруағымен тілдесемін.  Кейде әр адамның тотемі келеді, жануарлар әлемінен. Жалғыздықты жақсы көретіндерге қасқыр, ұзақ өмір сүретіндерге тасбақа немесе жылан кейпінде келеді. Солай дуаны шешемін. Менің қасиетіме сақалдылар сенбейді, олар маған орамал таққыза алмай әлек. Бірақ армандары орындалмайды. Дін мен қасиетті байланыстыруға болмайды. Екеуі де Алладан, бірақ бағыты бөлек.

Емші болашақты болжау туралы айтты. 

– Жастардың көбі қашан тұрмысқа шығып, неше баласы болатынын білгісі келеді. Болашақты көретін кезде денем өзі сезеді. Мұздайды, жел өтеді бәрін көріп отырамын. Бірақ біліп тұрсам да ешкімнің болашағын айтпаймын. Болмайды. Менің ол кезде дуа жасайтындардан айырмашылығым болмайды. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды