Дильназ Ахмадиеваның әкесімен ән айтқан Роза Рымбаева көпшілікті тамсандырды

Аиса Махамбет Редактор
25.11.2024, 09:45
940
Дильназ Ахмадиеваның әкесімен ән айтқан Роза Рымбаева көпшілікті тамсандырды бейнежазбадан алынған кадр

50 жыл сахнада жүрген Роза Рымбаева мен Мурат Ахмадиев бірге ән айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.

Журналист Айгүл Мүкей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен үзінді жариялап, былай деп жазба қалдырды.

50 жыл сахнада. Алаулаған жалындай Роза Рымбаева мен Мурат Ахмадиев.

«Яшлык» тобының негізін қалаушы – әнші Дильназ Ахмадиеваның әкесі – Мурат Ахмадиев. Топ 1974 жылы Алматыда құрылған. Бұл кешке «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дильназ Ахмадиева мен Әлішер Кәрімов, әнші және композитор Парвиз Назаров, сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты. Дегенмен Рымбаева мен Ахмадиева жұбы жұрттың көңілінен шықты.

«Роза – бұл аңыз, сұлулықтың символы, барлық әйелге нағыз үлгі болған адам», «Екеуін де құрметтеймін, жақсы көремін», «Қазақстан эстрадасының аңыздары. Тағы 50 жыл сахнада жарқырап жүре берсін», «Дауыс, сырт келбет, талант - Мурат Ахмадиев, Роза Рымбаева», – деп жазған көпшілік.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады