Атыраудағы 4 жасар баланың өлімі: Балабақша директоры мен тәрбиешінің бас бостандығы шектелді

Аиса Махамбет Редактор
25.11.2024, 20:12
568
Атыраудағы 4 жасар баланың өлімі: Балабақша директоры мен тәрбиешінің бас бостандығы шектелді

«Чебурашка» балабалабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болғаны үшін сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шілдеде Атыраудағы 4 жасар бала «Чебурашка» балабалабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болған еді. Осы іске байланысты балабақшаның директоры мен тәрбиешісі үйқамаққа алынған болатын.

Атырау облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған оқиғаға кәнілілерге қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды. Айыпталушылар С. мен Д.-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен айып тағылған. 

«Сотталушы С. 2023 жылғы 21 мамырда рұқсат құжаттарын алып, өз атына «Д» жеке кәсіпкерлігін тіркеген. Содан кейін «Чебурашка» квазимемлекеттік балабақшасын ашу үшін сол жылғы 26 мамырда Атырау қаласынан екі қабатты ғимаратты жалға алған.

Ал, 2023 жылғы 7 шілдеде балабақша директорының бұйрығымен Д. топ тәрбиешісі қызметіне жұмысқа алынған. Функционалдық міндеттері бойынша сотталушылар балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты болған. 2023 жылғы 1 қарашада 2020 жылы туған М. сотталушы Д.-ның тобына қабылданған. Биылғы 10 шілдеде сағат 10:45 шамасында С. және Д. өздерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамай, М.-ны қараусыз қалдырған. Нәтижесінде М. кәріз құдығына құлап, қазаға ұшыраған», - деп хабарлады аталған соттан.

Осы іске байланысты прокурор сотталушыларға педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 3, ал, бас бостандығын 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды. Кінәларын мойындаған сотталушылар және олардың қорғаушылары бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сотталушылардың кінәлары оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, фотокестелермен, куәлардың айғақтарымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс материалдарымен дәлелденген. 

Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде мынадай жайттарды ескерді. Мәселен, С.-ның кінәсін мойындауына, отбасылық және денсаулық жағдайына назар аударды.

Ал, Д.-ның кінәсін мойындағаны, асырауында кәмелетке толмаған балалары бары ескерілді. 

Сотталушылар айып тағылған баппен кінәлі деп танылды. Оларға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға, бас бостандығын 2 жыл 6 ай мерзімге айыру жазасы тағайындалды. 

«ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабын қолданылып, жаза шартты түрде тағайындалды. Белгіленген жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді», - деп мәлім етті соттан.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді