566

Ер адам автобуста әйелді соққыға жықты

Әйел адамның телефонмен сөйлескені ұнамаған.

Ер адам автобуста әйелді соққыға жықты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға 25 қараша күні Алматыда болды.

66 жастағы ер адамға әйелдің телефонмен дауыстап сөйлескені ұнамай, оны ұрып тастаған.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Батыржан Әбдімасаров.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор