IT саласында нан тауып жүргендер артып келеді

26.11.2024, 16:30
732
IT саласында нан тауып жүргендер артып келеді freepik.com

Елімізде 18 мыңнан астам IT-компания бар екен. Соңғы үш жылда олардың саны 16 пайызға артқан. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«IT-саланы дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл – инфрақұрылымды, адами капиталды дамыту, инновациялық ортаны дамытуға арналған қолайлы жағдайлар жасау және венчурлық капиталды ұлғайту. Биыл отандық IT-саласы қарқынды өсуін жалғастырып жатыр. Елімізде IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асты, олардың саны кейінгі үш жылда 16%-ға өсті. Осы уақыт аралығында IT-мамандардың жалақысы 54%-ға өсті, орташа айлық 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайын көрсетеді», - деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында. 

Министрдің мәліметінше, бүгінде 187 мың (12%) IT саласында еңбек етіп жүр. 

«2018 жылы «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркі іске қосылды. Бүгін Astana Hub айтарлықтай өсім көрсетуде. Ол Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін растауда. Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1 102 жергілікті және 437 шетелдік компания бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгеге жетті, осылайша кейінгі бес жылда 31 есе өсті. Биыл үш тоқсаны бойынша экспорттық кіріс 143 млрд теңгеге жетті», - дейді ведомство басшысы.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды