«Жалғызбасты аналар мені түсінеді»: танымал актриса «Қалаулымға» барғаны үшін өкінетінін айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.11.2024, 17:28
993
«Жалғызбасты аналар мені түсінеді»: танымал актриса «Қалаулымға» барғаны үшін өкінетінін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Танымал актриса, блогер Жанель Мақажан «Қалаулым» бағдарламасының құпиясын әшкере етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса атышулы бағдарламаға оқырман жинап, танымал болу үшін барғанын айтты. Журналист Жанерке Сейфуллинаның “Айтарым бар” подкастында бұкпесіз баяндап берді. 

“Сол бағдарламаға барғанға әлі күнге дейін өкінемін. Қызық үшін барғанмын. Кейін таныстырам жаман пікірлер жазып, мені жазғырды. Ол жаққа жігіт-күйеу іздеп бармадым. Адамдар қызықтырып айтты. Оқырман жинап аласың деген де идеялар айтылды. Бір ай ғана отыршы деп ұсыныс тастады. Оның шын мәнінде қандай бағдарлама екенін білмедім. Танымал боласың, оқырмандар көбейеді деп қызықтырған соң барғанмын. Бірақ 1-2 аптадан кейін өзімді өте жайсыз сезіндім. Жылатып та қойды. Балаларыма тіл тигізген кезде, жалғызбасты аналар мені түсінеді, тіпті ұрып жіберуге дейін барамыз. Тіпті өнердегі Сәкен Майғазиев ағаларым, қоңырау шалып, “кетші ана жерден” деп ұрысты. “Қалаулым” – шоу. Ар жақтан ұрсысыңдар, кішкене былай айтыңдар” деп айтады. Шоу бағытына құрылған бағдарлама екеніне көзім жетті”, – деді актриса. 

Сондай-ақ бағдарламадан не себепті кеткенін де айтып берді. 

“Маған жан-жақтан адамдар хабарласа бастағасын дұрыс емес екенін түсіндім. Адамның психологиясымен ойнап отырады. Жылатады біресе намысыңа тиетін сөз айтады. Кәдімгідей жүйкеңе тиеді екен. Бір-екі рет түсірілімнен қолым босамай қалып, бара алмадым. Сол кездеөзім шығуды да ойлап жүрген едім. Кейін мүлдем бармай қалдым. Адамдарды алдағым келген жоқ”, – деп ағынан жарылды киножұлдыз. 

Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті