Доллар бағамы өсті, теңгенің тағдыры не болмақ?

28.11.2024, 15:45
763
Доллар бағамы өсті, теңгенің тағдыры не болмақ? egemen.kz

Ұлттық банк елдің валюта нарығындағы ахуалға байланысты ресми мәлімет таратты.

«Бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы салдарынан теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңге белгісін еңсерді. Қазіргі уақытта биржалық сауда-саттық бір АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтеді. 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңге болып тұр. Кешеден бастап 2,4% әлсіреді. Валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар теріс әсер етеді», - деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.

Ресми мәліметте Қазақстанның валюта нарығындағы ахуалға ұқсас жағдай дамушы нарықтардың бәрінде байқалып тұрғаны айтылған. 

«Ұлттық Банк тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау үшін, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізеді.

Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді. Оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылады.

Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіріп, валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын», - деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды